Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не берсе, сонымен жүремін": Министр автокөлігін отандық өнімге ауыстыруға сөз берді

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қызметтік көлігін Қазақстанда құрастырылған автокөлікке ауыстыруға уәде етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі 

Тілші министрге “Неге Қазақстанда жасалған көлікпен жүріп, отандық өнімді қазақстандықтар арасында жарнамаламайсыз?” деген сұрақ қойды. 

“Шынында, сөзіңіздің жаны бар. Қазақстанда жасалған автокөлікке ауысу керек. Мен көлігімді ауыстырып берулерін сұраймын. Бұған дейін Қазақстанда құрастырылған Elantra көлігімен жүрдім, бірақ қызметімді ауыстырғаннан кейін оны өзгерткен жоқпын. Енді мен отандық көлікке ауысамын. Меніңше, бұл сұраққа “не берсе, сонымен жүремін” деп жауап бергенім дұрыс”, – деді Қанат Шарлапаев.



Бұған дейін Қанат Шарлапаев құрылыс кодексі үшін кімдердің жазаға тартылғаны туралы айтты. 

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 29 Қазан, 2024 13:13
Талқылау