Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назым Қызайбай Үндістанда өтетін әлем кубогінің финалдық бәсекесіне қатыспайды

Фото:Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин алдағы Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әлем чемпионы Назым Қызайбаймен қатар тағы басқа бірқатар спортшылардың қатыспайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үндістанда 17-22 қараша күндері бокстан әлем кубогінің соңғы кезеңі өтеді. Әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалиннің хабарлауынша бұл додағаға әлем чемпионатына қатысқан Назым Қызайбай бастаған боксшылар қатыспайды. Сонымен қатар байрақты бәсекеге бес салмақ бойынша өзге боксшылар ел намысын қорғайды.

“Бізде 1-14 қараша аралығында оқу-жаттығу жиыны өтеді. Үндістанда өтетін Әлем кубогының соңғы кезеңіне әр салмақ дәрежесінен үш спортшыдан дайындаймыз. Барлығы бес үздік боксшы ел намысын қорғайды", — деді Елдос Сайдалин.

 Сондай-ақ бапкер әлем чемпионатында өнер көрсеткен спортшылар желтоқсан айына дейін демалыс алғанын айтты.

“Олар бұл жиынға қатыспайды. Желтоқсан айынан бастап қайта жаттығу процесіне қосылады", - деді бапкер.

Айта кетейік, Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль жеңіп алған. Ал Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола жүлдеге қол жеткізген. Осылайша Қазақстанның әйелдер құрамасы жалпы есепте көшбастаған.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 17:21
Талқылау