Назым Қызайбай Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған Назым Қызайбай финалдық бәсекеге шыға алмады. 50 келіде жұдырықтасатын отандасымыз ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Валенсияны ұтқанымен, жартылай финалда қытайлық боксшы У Юймен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтылып қалды. Осылайша, Назым Қызайбай Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасында жалғыз Нұрбек Оралбай ғана финалға дейін жеткен болатын. Өкінішке қарай, қалған боксшыларымыз жарысты жүлдесіз аяқтады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

