Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назым Қызайбай Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге барады

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Назым Қызайбай Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирде жеңіске жетті. 50 келіде сынға түскен Назым финалдық сында Алуа Балқыбековаға қарсы жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. Алғашқы раундта басымдықты беріп қойғанмен Назым 2-3 раундты айқын басымдықпен ұтып, Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін 63,5 келідегі Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіде Париж олимпиадасына жолдама беретін іріктеу турнирдің финалына шыққан жаздық. 

Талқылау