"Нәжісін балконнан төгеді": Алматыда тұрғындар көршісіне шағымданды
Фото: Видеодан скрин
Алматыда көпқабатты үйдің тұрғындары көршісінің антисанитарлық жағдайда өмір сүретінін айтып, дабыл қақты. Жігіт жуынудан да, үй жинаудан да бас тартқан. Ол қоқысын жинап, нәжіспен бірге балконнан төгеді деп ашынды адамдар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматылық тұрғындардың бейберекетсіз өмір сүретін көршісімен алысып келе жатқанына жатқанына 12 жыл болған.
Алайда ер адамның өзі шашылып қатқан қоқыс пен киімді қалыпты жағдай деп санайды. Тіпті үйдегі қолқаны қабатын жағымсыз иістен де қысылмайды. Ал тұрғындардың айтуынша, бұл иіс бүкіл подъездге тарайды.
Үй иесі коммуналдық қызметті төлемегендіктен пәтерде, жарық та, су да, жылу да жоқ. Сәйкесінше кәріз жүйесі де жұмыс істемейді. Сондықтанер адам пакетке дәрет сындырып, терезеден лақтырады дейді көршілер.
Тұрғындар ер адамға бірнеше рет көмектеспек болып, қоқысын шығарған. Бірақ мұның бәрі бекершілік болған. Араға уақыт салып, үйдің іші қайта қоқысқа толған.
Тұрғындар шағым түсірген үйдің иесі балалар үйінің түлегі екені белгілі болды. Ер адам 30 жастан асқан. Айтуынша, өз жұмыс істейді. Бірақ ешбір тұрғын көршісінің кім болып жұмыс істейтінен хабары жоқ. Олар ер адамды пәтерден шығарып жіберуді сұрап отыр. Бірақ ер адам учаскелік полицияның бірнеше ескертуімен құтылған.
“Бірнеше рет өзімен сөйлестік. Үйін де жинап бердік. Ақша жинап, адам жалдап, пәтерін тазалаттық. Ары қарай өзі таза ұстар дедік. Бірақ білмеймін. Бұл адамды енді түзей алмаспыз”, – дейді көршісінен күдер үзген тұрғындар.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
