Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ҰҚК-дегі қызметінен босатылды
Әбіш Самат Сатыбалдыұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарыны қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әбіш Саматты қызметінен босату туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Еске салсақ, жақында ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Самат Әбіш жыл сайынғы демалыста екені хабарланған еді.
Қаңтар айының басында ҰҚК-де кадрлық өзгерістерді болып өткені белгілі. 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін