Назарбаевтың отбасы мүшелеріне тиесілі жерлер қайтарыла ма: Министр жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Назарбаевтың жақындарына тиесілі жерлер заңбұзушылық анықталған жағдайда мемлекетке қайтарыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада парламент "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы" Конституциялық заңды қабылдады. Оған сәйкес, Назарбаевтың отбасы мүшелері барлық кепілдіктен айырылады.
Үкімет кулуарында журналистер Қарашөкеевтен заң күшіне енгеннен кейін Назарбаевтың отбасы мүшелеріне тиесілі жерлер егер заңбұзушылық анықталса, мемлекетке қайтарыла ма деп сұрады.
"Қандай фамилия болмасын, кім болмасын, бізге ол әсер етпейді. Біз барлық жерді тексереміз. Жерді тиімсіз пайдалану фактілері, жерді заңбұзушылықпен беру фактілері анықталса, әрине, міндетті түрде ол жерді тексеріп, елге қайтарамыз", - деді Қарашөкеев.
Айта кетcек, былтыр ауыл шаруашылығы министрлігі былтыр 5 млн гектар жерді мемлекетке қайтарды.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған