Назарбаевтың келіні қайтыс болды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың әйелі қайтыс болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Айша" қоғамдық қорының директоры Айша Оразбай мәлім етті.
"Гүлжан Назарбаева кеше қайтыс болды. Бүгін оны жерлерді. Гүлжан Назарбаеваның жүрегі дұрыс болмай жүрген, оның қайтыс болу себебі де осы, басқа ауру емес", - деді Айша Оразбай Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Сөзінше, марқұм Шамалған ауылына жақын Шұбарат зиратына жерленген.
"Ол жақта тұңғыш президенттің ата-анасы жерленген. Карантиннің салдарынан ешкімді кіргізбейді", - деп қосты қор директоры.
Айта кетейік, Болат Назарбаев - елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. Ол "Салиқалы Ұрпақ" қайырымдылық қорының негізін салушы, BN Invest холдингінің жетекшісі.
Stan.kz редакциясы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады!
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”