Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Алпысқызының қазасы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: nazarbayev.kz
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Алпысқызының қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
14 мамырда БАҚ беттерінде Сара Назарбаева қайтыс болды деген ақпарат тарады. Алайда Айдос Үкібай Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымының қазасы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалына жауап ретінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызының ауруханада емделіп жатқанын хабарлаймын. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген жазбада.
Айта кетейік, бұған дейін Сара Назарбаеваның Ұлттық госпитальде ауыр халде жатқаны хабарланған еді. Кейіннен Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірген. Аурухана пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына, емдеу әдістеріне және нәтижелеріне қатысты басқа ақпаратты, медициналық құпияны негізге ала отырып, жария етпейтінін мәлімдеген.

1 теңге салықтық қарызы үшін депозиттен ақшасын ала алмаған: Қазақстандық әйел банктен қаржы алу кезінде тап болған қиындығын айтты
