Назарбаевтар отбасының шетелдегі шоттары тексеріліп жатыр ма: Сыбайлас жемқорлық агенттігінің басшысы жауап берді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Назарбаевтар отбасына тиесілі офшорлық ақшаның заңдылығы тексеріліп жатыр ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, тексеріс жүргізу үшін құқықтық негіздеме қажет.
"Ол үшін қылмыстық іс қозғалып, ақшаның қылмыстылығы анықталуы керек. Егер басқа мемлекетте екені анықталса (…), тек осыдан кейін ғана – ол мемлекет салмақты дәлелдер ұсынғаннан кейін тексеруге болады. Қазір тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ. Қылмыстық іс те өндірісте жоқ", - деді Ахметжанов мәжіліс кулуарында.
Айта кетері, шетелдік БАҚ Назарбаевтар отбасына тиесілі ақшаның заңсыз жиналғанын бірнеше мәрте хабарлаған еді. Атап айтқанда, Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева 300 миллион долларды Қазақстаннан заңсыз шығарғаны айтылды.
Қазір Қазақстан құқықтық көмек көрсету туралы 68 екіжақты келісімшартты ратификациялады.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық