Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әйелдермен қарым-қатынасы туралы айтты

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінде журналистің сұрағына жауап бере отырып, көпшілікке қызықты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұхбат кезінде журналист тұңғыш президенттен: "Сіз ғашық болуға дайынсыз ба?", - деп сұрады.

"Сезімтал махаббат - мен одан өткенмін. Ол тіпті жас жұбайларда бал айынан кейін өтіп кетеді, содан кейін бір-біріне деген құрмет қалады. Олар жыл өткен сайын бір-бірін бағалай бастайды, махаббат достыққа айналады. Мен бұл өтті деп жауап беремін. Кейде басқаларынан ғашық болып қалдыңыз-ау дегенді естимін. Мен: "комплимент үшін рахмет" деймін. Егер менің жасымдағы адамға бұл туралы айтса, онда бұл жақсы комплимент. Мен алғыс айтамын", - деді Елбасы.



"Әйелдер әртүрлі болуы мүмкін - әдемі, сүйкімді, нәзік. Екінші түрі - отбасы үшін, балалар үшін. Мұндай арулар - өте мұқият, сүйіспеншілікке толы, сізбен бірге дос болып, көмектесетін жан. Яғни, онымен қарым-қатынаста құпия ештеңе жоқ", - деді Назарбаев.

Тағы біреуімен басқаша, жақын қарым-қатынас болады, деді ол.

"Махаббат, сезім. Бірақ егер бұл сезімдердің бәрі біріксе, жақсы болар еді (...). Егер әйелің болса - басқа қадам, ал құрбың болса - басқа қадам. Достар - өмір бойы, ал жұбайлар - басқаша болуы керек, өмірді жеңілдететін үлкен құрмет, сенім, махаббат керек", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, бұл - "Хабар" телеарнасында шыққан "Штрихи к портрету" деректі фильмінің үшінші бөлімі. Бейне сұхбатта Елбасы өз жолының басталуы, саяси мансабы, тәуелсіз Қазақстан, отбасы және жеке өмірі туралы әңгімеледі.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Қаңтар, 2021 13:09
Талқылау