Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаны алып тастау: Әділет вице-министрі пікір білдірді

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартуды көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бұл мәселе активтерді қайтару туралы заңға іліспе құжатта ескерілген. Оның аясында Қылмыстық кодекстегі екі норманы, соның арасында тіл тигізуге қатысты бапты алып тастау қарастырылған. Жалпы, Қазақстан Республикасының кез келген азаматының ар-намысы қорғалады және азаматтардың бұл құқықтарын бұзуға болмайды”, - деді Алма Мұқанова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол қазіргі кезде Парламентте Қылмыстық кодексте арнайы белгіленген аталған баптарды алып тастау талқыланып жатқанын айтты. Бұл қадамдар Конституцияда қабылданған түзету аясында ескерілген. Заңнамада Елбасы және оның өкілеттіктері туралы көрсетілмеген және бұл баптар Қылмыстық кодексте қажет емес.

“Сондықтан бұл жерде депутаттар ұсынып отырған түзетулер қабылданған заңдарға сәйкестендіруге бағытталған. Атап айтқанда, "Президент туралы" заңда "экс-президент" деген бапта тиісті норма бар. Осы бап аясында барлық экс-президенттің мәртебесіне қатысты құқықтар мемлекет басқарған адамдарға таралады”, - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын 373 және 374-баптар алынып тасталады.

 

Талқылау