Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев зияткерлік мектебі өз түлектеріне емтихан жауаптарын сатты деген ақпаратты жоққа шығарды

НЗМ басшылығы тіпті, кез келген ақпараттың жарияланып, не тарап кетуі мүлде мүмкін еместігін алға тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

НИШ

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде түлектерге емтихан материалдарын сату туралы  ақпараттың таралуына қатысты түсініктеме берді.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біздің мектептерде оқушыларды бағалау рәсімдерін өткізуге арналған кез келген емтихан материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді. Оларды дайындау кезінде құпиялылық пен қауіпсіздік шаралары сақталады, бұл ақпараттың таралып кетуін болдырмайтын берік жүйе", – деп жазды НЗМ басшысы Instagram-да.

Ол қазақстандықтарды арандату ақпараттарына сенбеуге шақырды және НЗМ-де оқуда адалдық пен ашықтықтың қатаң қағидаттарын ұстанатынын мәлімдеді. 

"Сондай-ақ мұндай іс-әрекеттер біздің ережелерімізді өрескел бұзу ретінде қарастырылатынын және оқу орнынан дереу шығаруға немесе жұмыстан қууға және кейіннен заңнамалық деңгейде жауапкершілікке тартуға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткім келеді", – деп қосты Әнуар Жанғозин.

Талқылау