Назарбаев Санкт-Петербургке ұшып келді
Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қалласына ұшып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нурсултан Назарбаев прибыл в город Санкт-Петербург для участия в заседании Высшего Евразийского экономического совета и неформальной встрече лидеров стран СНГ pic.twitter.com/FwhOFbYwch
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 20, 2019
Бұл туралы елбасының баспасөз-хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де мәлімдеді.
"Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласына Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен ТМД-на кіретін мемлекет көшбасшыларының ресми емес кездесуіне келді", - деп мәлімдеді Айдос Үкібай.
Бұған дейін Назарбаев алғаш рет ел алдына орден тағып шыққаны айтылған еді. Бұл марапаттарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елбасыға өзі табыс еткен.
Атап кетерлік жайт, қазіргі кезде мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысына қатысуда. Жиналыста Тоқаев көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы жайлы сөз қозғап, митингілер өткізуге рұқсат берді. Бұған қоса ол өлім жазасынан бас тарту туралы ұсыныс білдірді.