Назарбаев Сағынтаевқа: жақсы баяндадың, бірақ “самокритика” жоқ
Бүгін Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев елбасыға 2017 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысын баяндады.
© Sputnik / Алексей Дружинин
Баяндама соңында Елбасы Сағынтаевтан соңғы жолдау бойынша бір ай ішінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik.
“Соңғы жолдау нәтижесі бойынша үкіметте жалпыұлттық бағдарлама қабылданды. Сала-сала бойынша көрсетілген он тапсырма бойынша әр министрлікке тапсырма берілді, индикаторлар қойылды. Жыл соңына дейін тапсырмалар орындалады”, — деді премьер-министр.
“Жақсы баяндадың, бірақ “самокритика” жоқ”, — деп әзілдеді Назарбаев.
Тағы да оқыңыз:
Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйрігі” болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз
Қазақ ақыны елімізде Назарбаевтар басқаратын монархия құруды ұсынды
Талқылау