Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі қазақ тілі жоғалса өлуге дайын екенін айтты

Шымкент әкімі Нұрлан Сауранбаев ана тілі жоғалған жағдайда, өлуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы әкім қала тұрғынының қазақ тіліне қатысты сұрағына жауап беру барысында айтты.

Бұл туралы жергілікті “Отырар” басылымы хабарлады.

“Екі танымал адамның сөзін мысалға келтірсем деп едім. Біріншісі – Қайрат Рысқұлбеков. “Қайрат деген атым бар, қазақ деген затым бар. Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!” Екінші, Расул Ғамзатовтың: “Егер менің тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге даярмын”, – деген сөзі бар. Сіздер де мен сияқты бұған дайынсыздар деп сенемін”, – деді Шымкент әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін әкім қарамағындағы азаматтарға ел алдында екі тілде есеп беруге кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз:

Бозымбаев көмір өндіретін кеніштердің басшыларының шаңын қақты

Депутат: 27 мың теңге айлыққа қалай өмір сүруге болады

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы бостандыққа шықты

Бердібек Сапарбаев: ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздерін «хан» сезінеді

Талқылау