Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Ресей мен Украина басшыларын ымыраға келуге шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украинаның басшыларын ымыраға келуге үндеді.

назарбаев

Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен xалықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездескен президент осы мәселеге баса назар аударды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз екі жақты диалогты, келіссөздерді тездетіп бастауға шақырамыз. Себебі кез келген шиеленістер, тіпті дүниежүзілік соғыстар келіссөздер алаңында аяқталады. Қазақстан бұған бар күш-жігерін салып, көмектесуге даяр.

Мен өзім алдағы G-20 саммитінде Ресей мен АҚШ президенттері кездесіп, ортақ қауіп-қатерлерге күш жұмылдырады деп сенемін. Өйткені дәл сол Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс шешілсе, Батыс пен Ресей, сондай-ақ басқа да ірі державалар арасындағы әріптестікті орнатуға болады. Онсыз жаһандық экономиканы ғана емес, жаһандық саясатты да реттеу мүмкін емес. Бұны бәріміз жақсы түсінеміз», – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, бүгінде әлем қауымдастығы державалар арасындағы текетірестен әбден шаршады. Ал нағыз держава бейбітшілік пен тыныштыққа үлес қосатын мемлекет болуы тиіс. Себебі бейбітшілікті байлықпен өлшеуге келмейді.

Ал ядролық державалар арасындағы шиеленіс ушығып кетсе, барлық мемлекеттер зардап шегеді. «Осы орайда айта кеткен жөн, бітімгерлік миссия біздің сыртқы саясатымыздың басты бағыты болып қала бермек.

Қазақстан бейбіт келіссөздерді жүргізуге жағдай жасайтын мемлекет болды, болады да. Былайша айтқанда, «әділ брокер» қызметін жалғастыра береді», – деп атап көрсетті Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұған дейін Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді барынша қолдап, Минск келісіміне өз үлесін қосты. Қазіргі кезде Астанада Сирия мәселесі бойынша келіссөздер өтіп тұрады. Президент Қатар мәселесін шешуге алаң ұсынуға даяр екенімізді де жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды

Бауыржан Байбек алғаш рет айдай сұлу келіншегін ел алдына алып шықты

Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)

Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда

Талқылау