Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру әдісін тапты

Президент әкімдерге штаттағы қызметкерлерді қысқарту керегін, одан үнемделген ақшадан қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170203164034

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыста 96 адам жұмыс істейтінін, тағы 12 бос орын барын айтты. БҚО-да 11 бос орын бары айтылды.

«Сіздер бұл ақшаны үнемеп, өзгелерге бересіздер. Одан да қызметкерлерді қысқартып, ақшаны сіздерге қалдырайық. Әрбір министрге, әкімге сондай құқық беру керек. Мен қалалық, аудандық, облыстық, республикалық зауыт басқармаларының барлық жұмыстарын көрдім», – дейді елбасы.

«Егер бір бөлімде 15 қызметкер болса, олардың үшеуі ғана күні-түні жұмыс істейді. Қалғандары тек қалам ұстап жүр. Ондай адамдарды не үшін ұстап жүрміз? Оларды қысқартып, қалғандарының жалақысын көбейту керек. Сонда сіздерде іріктеу болады», – деп қосты мемлекет басшысы.

Мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, мемлекеттік қызметте 94 мың адам жұмыс істейді. 17 пайыз бос қызмет орындары бар.

«Бұл дегеніңіз 100 мың орынның 18 мыңы бос деген сөз. 18 мыңның бәрін қысқартыңдар демеймін. Мүмкін онда керекті жұмыс орындары бар шығар. Бірақ, әкімдер мен министрлерге жақсы жұмыс істейтін адамдарды қлдырып, қалғандарын қысқартып, жалақыны көтеру керек. Мұнда жемқорлықпен күресу мәселесі жатыр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын бизнеске сай болсын дейміз», – деп қорытындылады президент.

Жіберіп алмаңыз:

Президент: Қысқартылған шенеуніктер неге орнында отыр?

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Назарбаев Ақышевқа: Ешкімнен қорықпа, біреу килігетін болса маған айт

Назарбаев Денсаулық сақтау және Білім беру министрлігін тексеруді тапсырды

Талқылау