Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Денсаулық сақтау және Білім беру министрлігін тексеруді тапсырды

Бүгін үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрліктеріне қаржылық тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170203152910

«Үкіметке мемлекет қаражатына немқұрайлы, қылмыстық жолмен қарау фактілерін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырамын»,-  деді президент.

Мемлекет басшысы алдымен 2 министрлікті тексеру қажеттігін баса айтты.

«Алдымен Денсаулық сақтау, Білім министрліктері де есептеймін. Жыл басында қаржы бөлінді және ол қалай игеріледі», – деді елбасы.

Елбасы заң бұзушылықтарға жол бергендерді шығынды толық қайтаруға мәжбүрлеп, жауапкершілікке тарту қажеттігін ескертті.

«Әрбір басшы жеке жауап береді.  Бізге мемлекеттік басқару тапсырылды. Мемлекет қаражатын бір жақтан келген жаудың ақшасындай пайдаланбау қажет. Керісінше, қайта үнемдеу керек, оларды басқа бірдеңе жасау үшін салу қажет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Жіберіп алмаңыз:

Президент: Қысқартылған шенеуніктер неге орнында отыр?

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Назарбаев Ақышевқа: Ешкімнен қорықпа, біреу килігетін болса маған айт

Назарбаев- қаржы министріне: Саған мемлекеттің әмияны тапсырылған, сен оны таратып жатсың

Талқылау