Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев коронавирустан емделді

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан емделді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің твиттерінде жариялады.

"Менің жағымды жаңалығым бар. Бүгін Елбасының коронавирусқа тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің ұсынымдары бойынша Нұрсұлтан Назарбаев оқшаулану режимін сақтап, қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөледі", - деп жазды Үкібай.

Сонымен қатар ол Нұрсұлтан Назарбаевтың серуендеп жүрген суретін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны 18 маусымда белгілі болды.

 

 

Талқылау