Назарбаев “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы ойынға келді ме: Қайрат Боранбаев жауап берді
Коллаж Stan.kz
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев “Қайрат” пен “Реал Мадрид” клубтары арасындағы ойынға келмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы New Vision форумында кәсіпкер, "Қайрат" футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев мәлімдеді.
"Алматы әкімі, мәдениет және спорт министрі болды, футбол федерациясының президенті және "Реал Мадрид" клубының басшылары болды. Сондай-ақ Мбаппе де бар еді", – деп әзілдеді Боранбаев.
Сонымен қатар ол бүкіл әлем бойынша ойынды миллиардтан астам көрермен тамашалағанын атап өтті.
Айта кетейік, Алматыда өткен ойыннан кейін БАҚ-та экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынды тамашалауға келгені туралы ақпарат тараған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Назарбаевтың немересі “Қайрат” – “Реал” матчынан кейін Рахат Әлиевтің еңбегі туралы айтқаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген