Талдықорған әкімдігі қала көркін бұзғандықтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастады
Талдықорған қаласының әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастау себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тұңғыш президент ескерткіші тұғырының жоғалуына қатысты ақпарат қызу талқылға түскен. Барлық демонтаж жұмысы түнде жүргізіліп, қала тұрғындары бұл процесті байқамай қалған.
Талдықорған қаласының әкімдігі тұғырды не себепті алып тастағанын түсіндірді.
"Ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қала орталығының сәулеттік келбетін бұзуына байланысты тұғыр бөлшектелді. Қазір аталған жерде ешқандай мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарда жоқ", – деп хабарлады Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбібеков.
Еске салайық, Тұңғыш президент ескерткіші Қаңтар оқиғасы кезінде бұзылған еді. Кейін қала әкімдігі ескерткіштің қалпына келтірілмейтінін хабарлаған.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды