Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Найзағай, тұман, өрт қаупі: Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 19 қыркүйекте Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды деп болжанады, түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Облыс орталығында, батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15 м/с.

Таңертең және түстен кейін Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды деп болжанады.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі, топырақтың беті қатып, 1 градус суыққа дейін төмендейді деп болжанады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы ауданы мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп болжанады, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы ауданы мен тау бөктерінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады. Шымкентте күндіз найзағай ойнап, күн бұлтты болады. 

Талқылау