Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

38 градус: Синоптиктер демалыста күн ыситынын болжады

Қазгидромет синоптиктері 20, 21 және 22 тамызда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы тәулікте республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсері сақталады, ауарайы құбылмалы болады.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай соғады деп болжанады

Қазақстанның солтүстігінде және шығысында түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С үсік жүреді, тұман түседі. Ал батыста ауа райы жауын-шашынсыз.

"Бұл аймақтарда күн сәулесі біртіндеп ауаны жылытады, ауа температурасы аздап көтеріледі деп болжанып отыр. Ауа температурасы батыста түнде + 12 + 22-ден +15+25С-қа дейін, күндіз + 27+35-тен +30+38С-қа дейін көтеріледі", - дейді синоптиктер.

Ал республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде + 1+10С, күндіз +13+23, оңтүстікте түнде +8+18 градус жылы, күндіз +20+28-ден +23+30С-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5+13, күндіз +17+25-тен +13+23С-қа дейін көтеріледі.

Талқылау