Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде келіншек бедеуліктен емделемін деп көз жұмды: Дәрігерге қатысты сот отырысы басталды

Ақтөбеде науқастың өліміне кінәлі деп айыпталған гинекологтың соты басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Коллаж: 31 арнадан скриншот, Instagram

Ақтөбе соты жеке клиникадағы 20 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарауды бастады.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Жас жұбайлар Гүлдана мен Айдос Нұрмағамбетовтер клиникаға ата-ана бола алмай жүргендерін айтып жүгінген. 

Жас жұбайларды гинеколог Ольга Ли-Ко-Шин-Фетер бедеуліктен емдеген. Іс құжаттарына сәйкес, дәрігер қызды кішігірім операцияға дайындаған, оған дейін келіншекке укол салынған.



Сонымен қатар, ол пациенттің дәріге аллергиялық реакциясы бар-жоғын тексермеген, дейді айыптаушы тарап. Оған қоса, тергеушілер терапевт перпаратты мөлшерден көп салған деп болжайды. Өлімнің ресми себебі - жатыр түтіктерінің жарылуы және анафилактикалық шоктың төртінші дәрежесі.

Сотталушы кінәсін мойындамады.

Талқылау