Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науқас ауруханаға түскен 5 жасар қызды есінен танғанша ұрып-соққанын айтып дабыл қақты

Әлеуметтік желіде ауруханада жатқан науқастың жазбасы тарап жатыр. Айтуынша, ауруханаға түскен 5 жасар қызды үлкендер есінен танғанша ұрған.

«Мен өзім қызыммен ауруханада жатырмын. 1 наурыз күні ауруханаға 5 жастағы қыз бала келіп түсті. Бет аузын көгертіп ұрып тастаған. Басына бірден ота жасалды. Анасы түрмеде, әкесі қайтыс болған екен. Ағасы бағып отырған көрінеді. Баланы мазақ етіп, әбден ұрып-соққан. Дәрігерлер қарап жатыр. Бұл істі қалдыруға болмайды. Мен бөтен адам болғаныммен, кішкентай баланың көмекке мұқтаж екенін көріп тұрмын. Баланы ұруға ешкімнің қақысы жоқ», – деп жазады науқас.

Ол жариялаған ақпараттық хатта науқас қыздың аты-жөні мен диагнозы толықтай көрсетілген. Онда қыз баланың бас ми жарақатын алғаны, беті мен денесінің жарақат алғаны жазылған. Қазіргі жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Тағы да оқыңыз:

Жазушы: Ұл-қызын орысша оқытқан адамның ұлт атынан сөйлеуге қақысы жоқ

Дәрігерлер бөлшектенген денесін жинады: Балқашта 5-қабаттан құлаған қыз аман қалды

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

Талқылау