Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нәтижесі нашар": Германия канцлері сайлауда жеңілгенін мойындады

Германияның қазіргі канцлері Олаф Шольц Бундестаг сайлауында социал-демократиялық партияның жеңілгенін мойындады және оған жауапты екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Reuters/Michele Tantussi

Олаф Шольц социал-демократиялық партияның жеңілісін сайлаудың “ащы” нәтижесі деп бағалады. 

“Сайлаудағы жеңіліс… Бұл жолғы сайлау нәтижесі нашар, сондықтан мен де бұл сайлаудың нәтижесіне жауаптымын”, – деді Олаф Шольц.

Канцлер ең әуелі Христиандық Демократиялық Одақтың төрағасы Фридрих Мерцті келесі үкіметті құру мандатымен құттықтау керегін айтты.  

Forschungsgruppe Wahlen зерттеу институтының экзит-полл мәліметтеріне сәйкес, Германияның социал-демократиялық партиясы 16,4%-бен үшінші орында тұр. Бундестаг сайлауында Христиандық Демократиялық Одақ 28,7%-бен көш бастады. Екінші орынға жайғасқан “Германия баламасы” 19,8 пайыз жинады.



Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлау жексенбі күні өтті. Ел бойынша сайлау учаскелері сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 22:00) жұмыс істеді.

Бұған дейін Германияда Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлау өткені туралы жазған едік. 

Талқылау