Нариман Мұқышев лауазымынан босатылды
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"ҚР үкіметінің қаулысымен Нариман Нұрланұлы Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымынан босатылды", - делінген премьер-министрдің сайтында.
Нариман Мұқышев 1984 жылы 9 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирель атындағы университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2014 жылғы қараша айынан бастап 2018 жылғы маусым айына дейін «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. 2018 жылғы маусым айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”