Сатылған аяқ киімнің жартысы контрафакт болып шықты: Қазақстанда не себепті аяқ киімді таңбалау енгізілмек, бұл бағаның өсуіне алып келе ме
Қазақстан нарығында сатылған аяқ киімнің жартысы контрафакт болып шықты.Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін елімізде 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануы енгізілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Таңбалау енгізілгеннен кейін, барлық өндірушілер мен импорттаушылар тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне тіркелуі керек.
Бұл туралы цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді. Таңбалау кодтарын әзiрлеу үшін жүйеге өндірілген және импортталатын өнім туралы ақпаратты енгізу қажет. Осындай бір кодтың құны 2,68 теңгені құрайды.
“Цифрлық экономиканы дамыту орталығы Қазақстан үшін аяқ киім шығаратын 45 шетелдік зауытпен келіссөз жүргізді. Олардың көпшілігі Ресей нарығына арналған аяқ киімді бір жарым жылдан бері таңбалап келеді және Қазақстанның осындай жаңалықтарға дайын. Атап айтқанда, қазақстандық аяқ киім импортының 61%- ын құрайтын Қытай зауыттарын таңбалау қызметтерінің құны бір жұп үшін 70 теңгеге тең. Түрік зауыттары Қазақстан үшін аяқ киімді 70-100 теңгеге таңбалауға дайын. Итальяндық зауыттарда таңбалаудың ең қымбат қызметтері – шамамен 300-400 теңге. Бірақ бұл елден Қазақстанға импорттың жалпы көлемінің 0,3% ғана әкелінеді”, – деп хабарлады орталық.
Тауарды өндірісте таңбалау – ең қолайлы нұсқа, сонымен қатар импорттаушылардың Қазақстанға өнімді әкелу кезінде кедендік қоймада да таңбалау қызметіне тапсырыс беруге мүмкіндігі бар. Олардың қызметтері импорттаушыға жалпы көлеміне байланысты бір жұп үшін 30-дан 300 теңгеге дейін болмақ. Сонымен қатар бұл сомаға жөнелту, сақтау, буып-түю, стикеттеу, сканерлеу және есепке алудың барлық қосымша шығындары кіреді. Орта есеппен өндірушілер мен импорттаушылар үшін таңбалауға байланысты шығындар бір жұптың құнының 0,1%-2,5% құрайды.
30%-ға дейін: Қазақстанда енді аяқкиім қымбаттамақ
"Біз қазір аяқ киімнің таңбалануына байланысты айтарлықтай қымбаттауы мүмкін екендігі туралы ақпараттық жұмыс жүріп жатқанын көріп отырмыз. Алайда барлығы олай емес. Бәлкім, жылдар бойы көлеңкелі айналым құрып келе жатқан және қазір де көлеңкеден кеткісі келмейтін жосықсыз кәсіпкерлер жағдайды шайқалтуға мүдделі. Нарықта заңды түрде жұмыс істейтін кәсіпкерлер цифрлық таңбалауды енгізуді қолдайды. Бизнес бұл заңсыз тауар нарығын тазартудың ең тиімді жолы және оның адал қатысушыларына нарық үлесін арттыру мүмкіндігі екенін жақсы түсінеді. Егер нарықтың ресми көлемі жылына 34 миллион жұп болса. 18,8 миллион адам тұратын Қазақстан халқы жағдайында бұл көрсеткіш тым аз екендігі анық", – деп түсіндіреді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының Бас директоры Бикеш Құрманғалиева.
Қазақстандық аяқ киім өндірушілерi ҚР-да цифрлық таңбалауды енгізуді әрдайым қолдады. Қазіргі уақытта аяқ киім тауарларының айналымы құрылымының ерекшелігі 96% – импорт, ал 4% – ішкі өндіріс. Ішкі нарықтың дамуы аяқ киімнің көлеңкелі айналымын айтарлықтай шектейді.
Цифрлық таңбалауды енгізу-контрафактіден тазартудың ең тиiмдi жолы.
Ресми мәліметтер бойынша, ол қазір нарықтың 48,5%-ын құрайды, бұл нарықтағы барлық тауарлардың жартысына жуығы. Оның артықшылығы – аяқ киімнің әр жұбын анықтауға және оны адам факторының әсерінсіз тауарлық тізбектен қадағалауға мүмкіндік береді.
Тауарға Data Matrix коды бар стикер немесе заттаңба кедендік рәсімдерден өткенге дейін – басқа елдегі өндірісте немесе ҚР аумағындағы кеден қоймасында орнату қажет болады.
Data Matrix коды тікелей аяқ киімге, сондай-ақ тауарлық белгіге немесе тұтынушы қаптамасына қолданылуы мүмкін. Жаңа цифрлық белгі сатып алушы үшін өнімнің заңдылығы туралы сигнал болады. Тұтынушы Data Matrix кодын арнайы мобильді қосымшамен сканерлеп, өнім туралы толық ақпарат алып, оның заңдылығын тексере алады.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
