Наразылық акциясын өткізген ақтөбелік такси жүргізушілері "Яндекс. Таксиге" бойкот жариялауға шақырды
Ақтөбеде онға жуық такси жүргізушілері наразылық акциясын өткізді. Олар белгілі ресейлік такси сервисіне бойкот жариялауға шақырды. Жақында компания әр тапсырысқа салынатын комиссия мөлшерін екі есеге өсірген болатын. Жүргізушілер мұны тонаудың жаңа түрі деп бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
"Яндекстің комиссиясы 7% болған, қазір екі есе өсіріп, 11,8% болды. Қарапайым тілмен айтқанда, бұрын 30 теңге алса, қазір 70 теңгеден алады. Бұл мүлде тиімсіз. Себебі өз отбасымызды асыраудың орнына, басқа адамдарды асырап келеміз", – деді такси жүргізушісі Станислав Раздольский.
Жүргізушілердің сөзінше, бір ғана Ақтөбеде сервис арқылы 1 000-ға жуық адам жұмыс істейді. Олармен барлық такси парктері серіктестік орнатқандықтан, басқа сервистер жоқ дейді. Олар үш бойкот жариялап, басшылықпен кездесуге қол жеткізбекші. Алайда қызмет қашықтықтан жұмыс істейді, ал орталық кеңсе Мәскеуде орналасқан. Шенеуніктер бұл мәселе алдында қауқарсыз екендерін жеткізді.
"Тек хабарлама жіберіп, бағаны өсіріп жіберді. Білмеймін, жұмысты тоқтатамыз. Шыдау керек пе?! Бізге де өмір сүру керек қой. Газ қазір қымбат, 80 теңге", – деп шағымданды таксист жүргізушісі Сергей Голяткин.