AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Намаз оқысаң, спорттан шық деді": Қазақстандық олимпиада чемпионы дінге бет бұрғандықтан қысымға ұшырағанын айтты

Спортшылардың дінге бет бұруы қандай келеңсіздіктерге әкеліп соғуда. Қазақстан ғана емес, Азияда бірінші рет жасөспірімдер арасында байдарка және каноэде есуден 3 жыл бұрын олимпидада алтын медаль алған қызылордалық Диас Бахраддин қазір қолдаусыз қалдым дейді. Чемпионның сөзінше, медаль алып келгенде сол кезде облысты басқарып тұрған Қырымбек Көшербаев берген үйді шенділер қайтарып алған. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Диастың сөзінше, бапкерлер тарапы өзінің намаз оқып, дінге бет бұрғанына қарсылық білдіріп жаттығуына мүмкіндік бермегенін айтты.

Бұл сол кезде 16 жаста болған Диас Бахраддиннің өміріндегі ең бақытты сәт. 2018 жылы Аргентинада өткен үшінші жазғы олимпидада ескек есуден жеңіс тұғырынан көрініп, көк туды көкте желбіреткен Қазақстан тарихындағы алғашқы чемпион атанған кезі. Байдарка жеңімпазын Қызылорда облысының басшылары да төбелеріне көтере күтіп, тіпті пәтер сыйлаған екен. Алайда уақыт өте бұл құрметтің бірі де қалмады деп қынжылады чемпион. Өйткені Диасқа сол кезде берілген үйді осыдан 7 ай бұрын өзі оқыған оқу орнының басшылығы алып қойыпты. Тіпті жаттығуына қысым күшейіп, ақыр соңы колледжден шығарып жібергенін айтады.

“Менің тренерлерім сол намазыма қарсы болды. Намаз оқысаң спорттан шық. Болмаса үйіңде оқы деген сондай қысымдар болды. Мен жаттығуға барғанда қайығымды алып қойған кездер болды. Тіпті сборға апармаған кездер болды. Қысым қатты болды”, – дейді Буэнос-Айрес-2018 чемпионы Диас Бахраддин.

Диастың айтуынша, олимпидадан кейін сәждеге бас қойған оның карьерасында қиындықтар басталған. Тіпті осы кезде де өз қалтамнан ақша шығарып жаттығуымды жалғастыра бердім дейді. Алайда өзі айтқан аяқтан шалу әрекеттеріне ақыр соңы шыдай алмаған спортшы Түркістан облысының құрамасына ауысуға бел буыпты. Ал колледж басшылығы қызметтік баспана Диастың басқа облысқа кетуіне байланысты алынды деп отыр. 2 курс студентін оқудан шығаруға оның үлгерімінің нашарлығы себеп болды дейді.


Қазақстанда 2022 жылғы діни күндер кестесі белгілі болды 


Жалантөс Бахадүр атындағы мамандандырылған колледж директорының орынбасары Бауыржан Есмағанбетов Диастың арнайы заң аясында оқудан шығарылғанын айтты.

“Егер спортшы өзінің жаттығуын тоқтатса немесе академиялық үлгермесе, жаттығуды жіберіп алса, оқушылар қатарынан шығарылсын деген заң бар. Сол заңмен оқушылар қатарынан шығарылды”, – дейді ол.

Ал жаттықтырушылар спортшының намазына қатысты қысым болмады және жаттығуына да барлық жағдай жасағанын жеткізді.

Бірақ қазір Түркістанда жаттығып жатқан Диас Бахраддин мұнда да жағдайдың мәз емес екенін айтады. Арманы асқақ жас спортшы егер Қазақстаннан қолдау болмаса, спорттық мансабымды Түркияда жалғастырамын деп шешіпті.


Тоғыз айға созылған тозақ: 33 азамат 15 жасар қызды зорлағаны үшін тұтқындалды 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр