Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз айға созылған тозақ: 33 азамат 15 жасар қызды зорлағаны үшін тұтқындалды

Үндістанда осы жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін 20-25 жас аралығындағы бір топ жігіт 15 жасар қызды зорлап, мазақ қылып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Hindustantimes.com порталына сілтеме жасап. 

Елімізде жыл басынан бері 800 әйел зорланған: Алматы облысы көш бастап тұр

Оқиға осы жылдың басында жігіт қызын зорлаған кезден басталған. Ол өзінің қорлық әрекетін камераға түсіріп, бейнежазбаны интернетте жариялаймын деп қорқытқан. Осылайша жазба бопсалау құралына айналған. Видеоның көпшілікке жариялануынан қорыққан қыз үнемі жыныстық зорлық-зомбылыққа душар болған. Бойжеткенге өз жігітінің достары азап көрсеткен. Ол өзіне зәбір көрсеткендердің әрқайсысын жеке таныған. 

Қыз өткен аптада құқық қорғау органдарынан көмек сұрағаннан кейін полиция бірден 33 адамды ұстады. Тергеу материалдарында зорлау Мумбай қаласының маңында, сондай-ақ Домбивли, Бадлапур, Мурбад және Рабале қалаларында болғандығы айтылған. 

Бүгінгі таңда Үндістан әйелдер үшін ең қауіпті елдердің бірі болып қала береді. Күн сайын полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әйелдерді өлтіру жағдайларының, сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылықтың ондаған оқиғасын тіркейді. 2019 жылы Үндістанның соттарында 145 мың зорлау ісі қаралған. Ал 2020 жылы ұлттық қылмыстарды тіркеу бюросы 28 мыңнан астам зорлау оқиғасын тіркеді. Мұндай қылмыстардың нақты саны қандай екенін елестету мүмкін емес.

Әйелдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың кейбір жағдайлары кеңінен танылады. 2012 жылғы “Нирбхая ісі” бүкіл Үндістанды жаппай наразылықтарға алып келген болатын. 9 жыл бұрын бір топ ер адам парамедик студентті зорлаған. Бұл іс жыныстық қылмыстарға қатысты заңнаманы қатаңдатуға әкелді. Алайда бұған қарамастан іс жүзінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларының саны азайған жоқ. 

2014 жылы Уттар-Прадеш штатындағы ауылда 12 және 15 жастағы екі қыз асылып қалған жерінен табылды. Полиция әпкелі-сіңлілердің топтық зорлық-зомбылыққа ұшырап, одан кейін өлтірілгенін анықтады.

Сондай-ақ осы жылдың тамыз айында Нью-Делиде 9 жасар қызды зорлап, өлтіргеннен кейін наразылықтар өтті. Марқұмның анасы оны крематорийге суға жіберген. Жолда оған төрт ер адам шабуыл жасаған. Қызды зорлап, соңында аяусыз өлтірген. Солардың бірі дін қызметкері болып шықты. Анасы қызын крематорийден тапты. Қылмысты жасыруға тырысқан қаскөйлер оның денесін өртеп жіберген. 

Талқылау