Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұз жарылып, суға батып кеткен: Жамбыл облысында екі бала көз жұмды

Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды. Екі бала мұздан құлап мерт болды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылардың айтуынша, 6 және 9 жастағы екі бала Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылындағы суару каналының жанында ойнап жүрген. Сол жерде олар мұз жарылып, құлап кеткен. Балаларды құтқару мүмкін болмады.

"Олардың денелерін судан (тереңдігі 3 метр) Жамбыл облысы ТЖМ жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі шығарып алды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.



Министрлік қазақстандықтарды абай болуға, мұз бетінде жүрмеуге шақырды.

Талқылау