Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысығы тістеп алған ер адам 27 күн комада жатқан

Бірнеше жыл бұрын Пол Гейлорд өмірімен қоштаса жаздады. Ал оның өліміне үй мысығы себепші болуы мүмкін еді.

Бұл туралы how-to-make.net басылымы жазды.

Бұл мысық көп жыл Полдың үйінде тұрған. Ара-тұра орманға барып тышқан аулайтын әдеті бар екен. Өкінішке орай, ол тышқандардың бірінен оба ауруын жұқтырып алған. Бір күні Пол мысықтың тышқанға қақалып қалғанын көріп, оның аузындағыны қолымен алып шықпақ болады. Мұны түсінбеген мысық иесін қатты тістеп алады. Көп ұзамай ер адам мысығының өліп қалғанын байқайды. Ол ауру жұқтырып алған екен.

Бірнеше күннен кейін Полдың денсаулығы сыр бере бастайды. Дене қызуы қатты көтеріліп, қолтық астында көлемі лимонмен бірдей ісік пайда болады. Науқасты тексерген дәрігерлер оның обыр ауруын жұқтырғанын айтып дабыл қаққан. Себебі, аталған аурумен көбінесе Орта ғасырда ауырған. Қазіргі таңда ешкім ауырмайды десек те болады.

Пол дәрігерлерге кеш барғандықтан, 27 күн бойы комада жатқан. Тіпті, бірнеше рет жүрегі тоқтап қалған. Отбасының қуанышына орай, Пол бұл ауруды жеңіп шықты. Бірақ, дәрігерлер оның қол және аяғының саусақтарын кесуге мәжбүр болды.

Ер адам бұл ауруды жеңіп шыққан алғашқы науқастардың бірі. Ол өзінің таңғажайыптың арқасында ғана тірі қалғанын мойындайды. Бүгінде зейнет жасына келген Пол тек тағдырына ризашылық білдіреді. Көп уақытын отбасымен, достарымен өткізуге тырысады. Саусақтары жоқ болса да, бүгінде пышақ жасап күнелтіп жүр.


Жіберіп алмаңыздар:

Бір аяғы кесілген оқушы рак ауруын жеңіп, балет бишісі атанды

Көшіп барсаңыз, сізге ақша төлейтін 14 жер

Қытайда фермадан 78 сиам қолтырауыны қашып кетті

Өзіне қол жұмсаған қыз: Ауру мені жеңді! Күресуге қауқарым жоқ

Талқылау