Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір аяғы кесілген оқушы рак ауруын жеңіп, балет бишісі атанды

9 жастағы Габи Шулл коньки теуіп жүріп құлаған. Сол сәтте қатты жарақат алып, дәрігерлер аяғын кесіп тастаған.

Бұл туралы how-to-make.net басылымы жазды.

2011 жылы тоғыз жасар Габи мұзға құлап, аяғын қатты жарақаттайды. Оның жасындағы бала үшін бұл қалыпты жағдай. Олар тізелерін талай көгертіп, қайта тұрып жүгіріп кете береді. Алайда араға екі апта салып Габидің жарақаты жазылмаған.

Осыдан кейін ата-анасы оны дәрігерге алып барған. Габи аяқ сүйегін қатты зақымдайтын рактың сирек түріне шалдыққан екен. Рактың бұл түрі остеосаркома деп аталады. Габи химиотерапия алып, аяғын кестіріп, жасанды аяғына үйренерде көп қиындық көреді.

Бүгінде 15 жасқа толған жасөспірім барша әлемге өзінің табандылығы мен төзімділігінің арқасында әйгілі болып отыр. Ол жасанды аяқ киіп жүргеніне қарамастан, балет бишісіне айналды. 6 жыл бұрын ғана Габи сирек кездесетін рак түрімен ауырған болатын. Ісіктің үлкен болғаны соншалық, ол ота жасауға келмейтіндей дәрежеге жеткен. Сол себепті, батыл қыз 12 мәрте химиотерапиядан өткен.

Дәрігерлер Габидің аяғын сақтап қалу үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасаған. Алайда тізесін қалпына келтіру мүмкін болмапты. Дәрігерлер ротациондық пластика атты ота жасаған екен. Яғни аяқтың ортаңғы бөлігі кесіліп, қалған бөлігі қайта жалғанады. Мұнымен қатар, жалғанған бөлік 180 градусқа бұрыла алады. Бүгінде Габи ата-анасын ерекше биімен қуантып жүр.


Жіберіп алмаңыздар:

Көшіп барсаңыз, сізге ақша төлейтін 14 жер

Қытайда фермадан 78 сиам қолтырауыны қашып кетті

Өзіне қол жұмсаған қыз: Ауру мені жеңді! Күресуге қауқарым жоқ

Ұлыбритания соты 11 айлық сәбиді өлтіру туралы шешім шығарды

Талқылау