Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда фермадан 78 сиам қолтырауыны қашып кетті

Қытайдың Сычуань провинциясында 78 сиам қолтырауыны қашып кетті.

Бұл туралы Daily Mail жазады.

Қоршауды жөндеп жатқан кезде кішкентай бауырымен жорғалаушылар тиелген контейнер тоғанға қарай құлап кетеді. Осылайша 78 қолтырауын бостандыққа ие болған. Қызметкерлер олардың біразын ұстағанымен, біразы қашып кеткен.

Іздеу тобын құрған провинция басшылығы жыртқыш жәндіктер табылады деп үміттенеді. Немесе олардың өлгені туралы айғақ табуға ниетті.

Кішкентай сиам қолтырауындары адамға қауіп төндірмейді. Бірақ олар өзенге дейін жетіп, өсетін болса онда жыртқышқа айналады. Сиам қолтырауындары негізінен Камбоджа, Индонезия, Малайзия, Лаос, Таиланд елдерінде өмір сүреді. Олар 3-4 метр ұзындыққа дейін өседі. Қолтырауындардың бұл түрі жоғалып кетудің алдында тұр.

Жіберіп алмаңыздар:

Өзіне қол жұмсаған қыз: Ауру мені жеңді! Күресуге қауқарым жоқ

Ұлыбритания соты 11 айлық сәбиді өлтіру туралы шешім шығарды

Бразилиялық суретші көрермендердің алдында тыржалаңаш шешініп тастады (видео)

Көріңіздер: Болашақтың метросы қандай болады (видео)

Талқылау