Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы перзентханада шала туған бала мұрнынан айырылды

Ақтауда нәресте мұрнынан айырылды. Баланың ата-анасы дәрігерлерді, СИПАП аппаратын басқара алмаған медбикелерді кінәлап отыр. Ата-ананың сөзінше, аппарат бақылаусыз қалған соң баланың мұрны қатты күйіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сәбидің анасы Бақыт Бекназарованың айтуынша, 2019 жылдың 7 шілдесінде ол перинаталдық орталыққа келіп, кесер тілігі арқылы баласын босанған. Ұл бала дүниеге келген соң жансақтау бөліміне жатқызылды. 3 күннен соң сәби бөлімге ауыстырылды. 

Тамыз айында нәрестенің жағдайы тағы да күрт нашарлап кетті, ауруханада оның дене қызуы көтірілді. Дәрігерлер баланы қайтадан жансақтау бөліміне жатқызып, СИПАП аппаратына қосты. Бұл аппарат иілгіш түтікшенің және қымтақты масканың көмегімен тыныс алатын жолдарға белгілі бір қысым астындағы ауа ағынын үздіксіз жіберіп отырады. 

"Балаға екі медбике қарады. Мен олар аппаратты бақылай алмады, салдарынан ұлым қатты күйіп қалды. Ұлым мұрнынан айырылды. Мен прокуратураға арыз жаздым. Келесі аптада сот процессі басталады. Қолымда менің шағымдарым негізді деп табылған тұжырым бар. Ұлыма бірнеше ота жасату керек. Сондықтан оның еміне 10 миллион тенге талап етемін. Бүгінгі күні ол өзі демала алмайды, түтікшенің көмегімен тыныс алады", — дейді Бақыт  Бекназарова. 

Құзырлы органдар баланың мұрнынан қалай айырылғанын анықтап көрді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде аппараттың жақсы жұмыс істейтінін, дем алуға көмектестенін айтты, бірақ кемшіліктері бар екенін де ескерді. Сәбидің мұрнына кіргізілетін түтікшелер мұрын тінін зақымдауы мүмкін. Бала әлі үшке толмаған соң шеміршегі қатаймаған. 2019 жылдың 29-нан 30-шы шілдеге қараған түні түтікше сәбидің мұрнының тінін зақымдаған. Мұрында жара пайда болып, некроз басталып кеткен. 

"Ананың арызы қаралды. Сол түні кезекшілікте болған барлық дәрігерлер мен медбикелер жауап берді. Кезекші дәрігер мен медбикенің дер кезінде некрозды анықтай алмағаны анықталды. Нәтижесінде бөлім басшысы, кезекші дәрігер және медбике сөгіс алды", — деп хабарлады басқарма қызметкерлері. 

Дәрігерлердің сөзінше, баланың мұрнынан айырылуына анасы да кінәлі." Бала жүктіліктің бес айынан асқанда дүниеге келген. Анасы ауданаралық автобуста кондуктор болып жұмыс істеген. Дәрігерлерге жүктіліктің 24-ші аптасында ғана қаралған. Тексерулерден өтпеген, бірде-бір анализ тапсырмаған. Бала бірнеше дертпен туылды. Даму жағынан туа біткен кінәраты бар, таңдайының жұмсақ және қатты бөлігі жарылып кеткен, көру, тыныс алу қабілеті жағынан проблемалар жетеді. Сонымен қатар, сәбиге анасынан құрсақішілік жұқпа берілген", — дейді облыстық периналдық орталықтың жетекшісі Жамал Жаманбаева. 

Дәрігерлердің пікірінше, сәби мұрнынан ағзасына ана сүті арқылы дарыған жұқпаның кесірінен айырылды. Жамал Жамамнбаеваның сөзінше, мұрынды қалпына келтіруге болады. Алайда оған біраз уақыт керек. Бірінші ота бала алты жасқа толғанда жасалады. 

Талқылау