"Мұндайды өмірімде көрген емеспін": Әйел тісі адамдікіне ұқсас балық тауып алды
Американың Джорджия штатының тұрғыны жағажайда ерекше балық тауып алды. Оның аузындағы тістері адамдікіне ұқсайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star-ға сілтеме жасап.
Малеа Барроуз (Maleah Burrows) Сейнт Саймонс аралының жағалауында баласымен бірге жүргенде, алыстан құмда жатқан өлі балықты байқап қалады. Ол балықты үш жасар ұлына көрсетпекші болып жақын келгенде, оның тістері адамның тістеріне қатты ұқсайтынын байқаған.
"Мен таңқалдым. Мұндайды өмірімде көрген емеспін!"- деп атап өтті американдық.
Барроуз таңғажайып олжаны суретке түсіріп, достарына көрсеткенде олар да осындай балықты алғаш рет кездестіргенін айтқан. Суретте балықтың жағында бірнеше қатарда орналасқан дөңгелек тістер бар екені көрінеді.
Берроуз тауып алған балық тістері жақсы өсуге бейім кейпкод карас деп аталады. Жануардың ұзындығы 76 сантиметрге жетуі мүмкін.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”