AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады": Қарағанды облысының әкімі 500 адамға той жасаған шенеунікті қызметінен босатты

Қарағанды облысында карантин кезінде 500 адамға қызының ұзату тойын жасаған Жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгінгі күннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мұқатайұлы Мақсұтов карантинді өрескел бұзу, яғни пандемия кезінде той ұйымдастыруына байланысты қызметінен босатылды. Тағы да ескертемін, мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасының барлық нормалары бұзылған”, – деді облыс әкімі.

Жеңіс Қасымбек, сондай-ақ мониторингтік топ мүшелерін принциптілікке шақырды.

"Сіздер біреудің мүддесі үшін жұмыс істеу үшін емес, азаматтардың денсаулығын қорғау үшін құрылған топсыздар! Осындай іс-шараларды тоқтатып, жария етіңіздер. Сіздер өздеріңіз бақылау камераларына қарай отырып жұмыс істейтіндеріңізді айтқан болатынсыздар. Сондықтан мұқият қараңыздар. Салынған тыйым барлығына бірдей", – деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетсек, Қарағанды облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов мейрамханалардың бірінде 500 адамға той жасаған. Ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. Той болып жатқан мейрамханаға Қарағанды қаласының полиция, санэпидбақылау және әкімдік қызметкерлерінен тұратын мобильді топ шықты. Мекеменің жанында көптеген көліктер болғандықтан және мейрамхананың өзінде 500-ге жуық адам болғандықтан, аумақты қоршау үшін полицияның қосымша наряды шақырылды. 


Қызметінен босатылуы мүмкін: Қарағандыда 500 адамға той жасаған шенеуніктің басы дауға қалды 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр