Мұнай бағасы күрт төмендеді
Мұнай бағасы төмендеу қарқынын тездетті, оны сауда-саттық деректері куәландырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07:13-те Brent маркалы солтүстік теңіз қоспасының тамыздық фьючерстерінің бағасы барреліне 37,69 долларға дейін 10,64 пайызға төмендеді. Ал WTI маркалы мұнайға шілде айындағы фьючерстер 12,04 пайызға қымбаттап, баррелі 34,83 долларға бағаланды.
РИА Новости хабарлауынша, бұған дейін ФРЖ әлемдегі ең ірі экономиканың ІЖӨ-нің 6,5 пайызға төмендеуін болжаған, сондай-ақ күтілетін жұмыссыздық деңгейін желтоқсандағы 3,5 пайыз деңгейінен 9,3 пайызға дейін түзеткен.
Осы тұста Еуропаның қор биржалары негізгі индекстер бойынша 4-5 пайызға төмендеді, сол секілді АҚШ-та тиісті индикаторлар да төмендеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”