Мұхамеджан Тазабек: Шайтан дандайсып, періште төменшіктеген заманда біреуді бірдеңеге сендіру ең қиын нәрсе

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер, ақын Мұхамеджан Тазабек ауырып қалған елбасының саулығын тілеп, көпшілікті сақтыққа шақырды.

Елбасымызға, ел ішінде науқастанып жатқан жандарға Алла шипа берсін! Вирус есіктен сығалап, тереземізден телміріп тұр. Алла сақтамаса, аман қалатын адам жоқ.

Технология дамығанмен, адамшылық әлсіреп, тұрмыс жақсарып, қылмыс жасарып, шайтан дандайсып, періште төменшіктеп, тегіңде жоқ нәрсені заңмен бекітіп, заңдылық боп тұрған нәрсені бұзғанша тыным таппай, бәдік би боп, бетпақ батыр боп, өтірік әспеттеліп, әдепсіздік нормаға айналған заманда біреуді бірдеңеге сендіру, жалғаннан қайтарып, шынға иландыру ең қиын нәрсе.

Алла ақиқатты ақиқат, жалғанды жалған ғып көрсеткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!

Айта кетейік, күні кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады.

"Аман болсын бәрі. Елбасы болсын, карапайым адам болсын. Баріміз бір Алла тағаланың астында жүрміз. Ана жүрегінен тек ақ тілек", "Тәуір болып кетсінші. Менде Назарбай көкемді сондай жақсы көремін. Осы тұрғандада жүрегім сыздап тұр. Аман болсын.Аллам еміне шипасын берсін", "Алла тағалам елбасымызға шипасын берсін Әумин", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр