Ата-аналар мұғалімге түнгі үште жазып мазалайды, мұны тоқтату керек – Асхат Аймағамбетов
Фото: depositphotos.com
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің оқушылармен және ата-аналармен мессенджерлер арқылы қарым-қатынасын шектеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттар мұғалімдерді оқушылармен, ата-аналармен және білім беру мекемесінің әкімшілігімен міндетті түрде мессенджерлер арқылы хат алмасудан босататын заң жобасын әзірледі. Құжат үкімет қарауына жіберілген.
“Сағат түнгі үште де хабарлама жазып, бірдеңе талап етуі мүмкін. Бұл жағдай мұғалімнің мәртебесіне қалай әсер етеді? Чатта 25 бала отырады, олар кейде қателесіп, суреттер, анекдоттар, қалжыңдар, түрлі құттықтаулар жібереді. Мұның барлығы мұғалімнің жалпы әл-ауқатына, зейініне, назарына қалай әсер етеді? Ол да жұмысынан кейін демалуы керек қой. Оның да балалары бар, жеке өмірі бар. Ата-аналар чаттарында не болып жататынын бәріміз жақсы білеміз”, – дейді депутат.
Айыппұлдар өсіп, есептер қысқарады: Мұғалімдерді қандай өзгерістер күтіп тұр
Мұғалім ретінде жұмысқа тұру үшін дуа жасамақ болған қазақстандық әйел сотталды
Аймағамбетовтің пікірінше, мұғалімдерді чат жүргізу міндетінен босату қажет. Депутат шетелде ұстаздар мен ата-аналар көбіне электронды пошта немесе арнайы ресми LMS жүйелері (Қазақстандағы баламасы Kundelik.kz) арқылы байланыс жасайтынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алаяқтар өздерін мұғаліммін деп таныстырып, оқушыларға қоңырау шала бастағаны туралы жазған едік.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді