Мұғалімдерден бірыңғай форма үшін ақша жинаған: Қызылордада беделді мектептердің бірінде жанжал шықты
Қызылордадағы мектептердің бірінде мұғалімдер мектеп формасын сатып алу үшін ақша жинап жатқандарын айтып, шағымданды. Ол үшін олар 46 000 теңге төлеуге міндеттелген. Бұл жөнінде ұстаздар Instagram әлеуметтік желісіндегі kritikakyzylordy парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөз Sputnik.kz
Жазбадағы мәліметке сүйенсек, Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мектепте ақша жинау үнемі болып тұрады екен.
"Неліктен мұғалімдерден ақша жинаудың жаңа түрлері жылдан-жылға пайда болады? Онсызда газет-журналға жазылуға, жөндеу жұмыстарына ақша береміз, енді форма (костюм, юбка) сатып алуға міндетті ете ме? Біздің мектепте 400 адам жұмыс істейді, бұл санды 46 000 теңгеге көбейткенде 18 миллион теңге шығады. Бұл сомаға олар бізге қандай киім тіккелі жатыр?", - деп шағымданады мұғалімдер.
Мұғалімдер ательеде өз костюмін тігу үшін неге біркелкі эскиздер берілмейді деп таңғалады. Мұның орнына олар ерікті-міндетті түрде сатып алуға мәжбүр.
- "Аймағамбетовтің айтқан бағасы бір балаға жетпейді": Қазақстандықтар балаларына мектеп формасын әпере алмай отыр, ал баға шарықтап барады
- 2022-2023 оқу жылына арналған кесте: Оқушылар қанша күн демалады
- Қазақстанда балаларды мектепке дайындау үшін 37 мың теңге көлеміндегі бір реттік көмекті кімдер ала алады
"Мұғалім – ең алдымен шығармашылықтың адамы, дара тұлға. Не себепті барлығы бірдей киінуі керек? Мұғалімдерге қойылатын басты талап – іскерлік киім мен біліктілік болуы тиіс. Бұл мәжбүрлеу арқылы біреудің киім тігетін фирмасын жарнамалап жатқан жоқ па? Бұл сұрақтарға кім жауап береді?", - дейді авторлар.
Қалалық білім бөлімі бұл мәселеге қатысты биылғы жылдың 30 наурызында мектепте педагогикалық кеңес өткенін айтты.
"Онда мұғалімдердің әдеп кодексі бойынша сыртқы келбеті мәселесі қарастырылды. Мұғалімдердің бірыңғай үлгідегі формаға көшу туралы ұсынысы негізінде шешім бірауыздан қабылданды. Сондай-ақ мұғалімдерге арналған костюм қалай болады, қандай матадан тігіледі, қайда тігіледі деген мәселе де шешілді. Ұстаздар тарапынан бұл жөнінде ешқандай қарсылық түскен жоқ", - деп мәлімдеді қалалық білім бөлімі.