2022-2023 оқу жылына арналған кесте: Оқушылар қанша күн демалады
Қазақстанда жаңа оқу жылы бір аптаға ұзартылды. Енді оқушылар жазғы демалысқа әдеттегі 26 мамырда емес, 1 маусымнан бастап шығады. Сонымен қатар тоқсан арасындағы демалыс уақыттары да қысқарған. Stan.kz оқушылардың жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесін ұсынады.

Жаңа оқу жылында күзгі демалыс 31 қазаннан 6 қарашаға дейін, яғни 7 күн созылады.
ІІ тоқсаннан кейінгі қысқы демалыс 31 желтоқсанда басталып, 9 қаңтарға дейін жалғасады.
Ал 6 ақпан мен 12 ақпан аралығында бірінші сынып оқушыларына 7 күндік қосымша демалыс беріледі.
Көктемгі демалыс 9 күнге, яғни 18 наурыздан 27 наурызға дейін созылады.
Жазда оқушылар 3 айлық демалысқа шығады. Жазғы демалыстың жалпы ұзақтығы – 92 күн.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"