Головкиннен аумайтын қазақ жігіті кәсіпқой бокстан Қытайды бағындырды (фото, видео)
Қытайдың Чжэнчжоу қаласында 6 қараша күні 22 жастағы қазақ жігіті Бейсен Насиуллаұлы WBA нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы (64,5 келі) Қытай чемпионы атанды. Бұл жайлы ҚазАқпарат хабарлап отыр.
Бейсен қазіргі дейін кәсіпқой шаршы алаңда 11 кездесу өткізіп, оның 10-ында жеңіске жетіп (5 нокаут), бір жекпе-жекті тең аяқтаған. 2016 жылдың 22 ақпанында ол Лучжоу қаласында ол ганалық боксшымен кездесіп, жастар арасындағы әлем чемпионы (WBC World Youth Champion) атағын иеленген еді. Ол бұл атағын 29 сәуір күні филиппиндік боксшымен кездесуде де жеңіске жетіп қорғап қалды. Ал 10 қыркүйек күні Шанхай қаласында ол WBA нұсқасы бойынша Қытай чемпионы атағына қол жеткізді.
Бейсеннің келесі кездесуі 17 желтоқсанда Ханчжоу қаласында 31 жастағы австралиялық боксшыға қарсы өтеді.
“Мен Іле-қазақ автономиялық облысы, Алтай округі, Сартам ауылында туып-өстім. 2010 жылы кәсіпқой бокспен айналысу үшін ішкі Қытайға кеттім. Әр жылдары менің бапкерім болып АҚШ, Филиппин өкілдері болды. 2-3 ай бойы маған әйгілі Мэнни Пакьяоның бапкері бокс үйретті. Жақын арада филиппиндік Айлань есімді бапкермен бірге жұмыс бастаймын”, – деді Бейсен.
Жас боксшы өз кезегінде оған боксты үйреткен Мұрат Бошайұлына да алғыс білдірді.
“Мұрат аға менің алғашқы бапкерім, ол маған бокс әліппесін үйретті. Ол сондай-ақ, Қанат Исламның, Елшат Ниғматуллиннің де бапкері болған”, – деді боксшы.
Ол үнемі қазақстандық боксшылардың жекпе-жектерін қарап жүретінін, техника мен бокс мәнерлеріне зер салатынын да айтып өтті.
“Мен үнемі Жанқош Тұраров пен Қанат Исламның жекпе-жектерін көріп жүремін. Олардан үйренерім көп. Қытай азаматы болсам да, бойымда қазақ қаны тулап тұр. Үнемі шапан киіп, рингке домбыраның үнімен көтеріліп, өз ұлтымды дәріптеуге атсалысамын”, – деді ол.
Оқи отырыңыз:
Алуа Қонарова: Мен Баянды адам қатарына қоса алмаймын
Эстрада жұлдыздары баласын соққыға жыққан безбүйрек ана туралы пікір білдірді
Тұрсынбек Қабатов: Менің күртемді астымызға төсеп, Мөлдірдікін жамылған күндеріміз болды
Ринат Зайытов: Ақынды төрт дөңгелекті темірмен өлшейтін дәрежеге жеттік