Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Алуа Қонарова алғаш рет Баян Есентаевамен тауласпақ болғанын айтты. Ол экс құрбысы ауруханада жатқан кезде іздеп барған екен. Тіпті, Есентаеваның әпкесінен кездесу ұйымдастырып беруін өтінген. Алайда Баян Есентаева оны көргісі келмейтінін айтып, бетін қайтарған.

alua_konarova_-_0102

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Жуырда ғана ашылған отандық бағдарамалардың бірінде қазақстандық қыз-келіншектер еш жерде айтпаған құпияларын бөлісіп жатыр. Ендігі кезек продюсер Алуа Қонароваға келген сыңайлы. Ол әлі күнге дейін экс құрбысы Баян Есентаеваға ренжіп жүргенін жеткізді. Мұнымен қатар, осы уақытқа дейін үш мәрте ана болу бақытынан айырылғанын тілге тиек етті. Бұған бұрынғы күйеуінің соққылары себеп болған екен.

“Баян – біздің ортақ құрбымыз. Қазір екеуің араласпасаңдар да, бір кездері жақсы сырластыңдар. Оның басынан өткен қайғылы оқиға барлығымызды күйзелтті. Дәл сол аралықта сендер бір-бірлеріңмен ренжісіп жүрген едіңдер. Бірақ қайғы адамды жақындастыра түседі емес пе?!” – деп сұрады Салтанат Қалиева.

Жүргізушінің бұл сөздерін Алуа Қонарова бөліп жіберді. Ол бұдан былай Баян Есентаеваны құрбысы деп есептемейтінін айтты. Десе де, оның тезірек сауығып кетуіне тілектес екен.

“Мен де Баян екеуіміз жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлап жүрдім. Әрине, оған қолдау білдіріп, WhatsApp арқылы жақсы тілек жаздым. Ауруханаға іздеп барып, татуласуға алғашқы қадамды мен жасадым. Бірнеше рет әпкесінен онымен кездесу ұйымдастырып беруін сұрадым. Маған оның жүзінің қандай екендігі маңызды еместігін, менен еш ұялмауы керектігін айттым. Бар болғаны қасында болып, қолдау білдіргім келді. Сынақ деген дүниенің не екенін, оның не үшін берілетінін түсіндіргім келді.

“Біз бір-бірімізді кешірдік” деп айтпақ болдым. Себебі, рейтинг, бірінші орын дегендердің барлығы – болмашы дүние ғана. Бұлар оның өмірінің жанында түк емес. Өмірден артық адам баласы үшін не болуы мүмкін?! Ол мені көргісі келмеді. Негізі мені ол бірінші болып ренжіткен еді. Бұдан былай менің тарапымнан ешқандай қадам жасалмайды.  Әлбетте, оның тезірек сауығып, жағдайының түзелгенін қалаймын. Өкінішке орай, бүгінде мен оны адам қатарына қоса алмаймын”, – дейді Алуа Қонарова.

Естеріңізде болса, екі продюсер арасындағы жанжал Жанар Дұғаловаға байланысты туындаған еді. Бірі әншінің халықаралық байқаудағы жеңісін толық мойындаса, екіншісі бұл жеңістің әділетсіздеу болғанын меңзеген-ді.


Жіберіп алмаңыз:

Эстрада жұлдыздары баласын соққыға жыққан безбүйрек ана туралы пікір білдірді

Тұрсынбек Қабатов: Менің күртемді астымызға төсеп, Мөлдірдікін жамылған күндеріміз болды

Ринат Зайытов: Ақынды төрт дөңгелекті темірмен өлшейтін дәрежеге жеттік

Карина Абдуллина отбасылық жанжалдан кейін ұлын Болат Сыздықовтың атына жаздырғанын айтты

Талқылау