Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қандай күндері мұражай мен театрға тегін кіре алады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Үкіметке мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттырудың әдісін  ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

DSC0069-1024x681

Мұхамедиұлы мұражайда айына бір рет, театрларда жылына төрт рет тегін болатынын айтты.

“Халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігінің тәжірибесін енгізу. Әр айдың үшінші жексенбісінде музейлерге және жылына төрт рет театрларға, олар: дүниежүзілік Театр күні, 27 наурызда, Балаларды қорғау күні, Тәуелсіздік күнінде тегін баруды қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ мектеп демалыстары шеңберінде оқушылар үшін театрлар мен музейлерге тегін бару ұсынылады. Нәтижесінде жылдың аяғына дейін аталған мәдениет нысандарына бару көрсеткіші 45 пайызға дейін жететін болады”, – деп атап өтті министр Үкімет отырысында.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда жаңа телеарна ашылады

Қазақстандық ғалымдар медицинада жарақаттың орнын таңуға арналған желім жасап жатыр

Жол полициясы қызметкерлеріне алатаяқтың орнына жеңдіктер мен қолғаптар беріледі

Талқылау