Мұсылман қызын ұлтшылдан қорғаған британдық жігіт Facebook жұлдызына айналды
Лондон тұрғыны Эшли Поуис (Ashley Powys) метрода мұсылман қызын қорлаған нацистен арашалап қалды. Осы оқиға жайлы жазған посты көрерменнің көңілінен шығып, 41 мың лайк, 18 мың репост жинаған, – деп хабарлайды STAN.KZ Metrо.-ға сілтеме жасап.
22 жасар Поуис жариялаған хабарламада, ол метро вагонында хиджаб оранған қызға қарама-қарсы отырғанын жазады. Сол кезде бейтаныс адам келіп, мұсылман қызға зеки сөйлеп ұлтына, дініне байланысты кінәлай бастайды. Тіпті, оны террорист деп айыптап, “Парижде орын алған қантөгіске осы адамдар кінәлі дегенді айтқан.
Посттың түпнұсқасы белгілі себептермен өшіп қалып, автор оны 17 қараша күні қайта жариялайды. Небары 4 сағаттың ішінде постқа 4,2 мың лайк басылып, 1,5 мың репост жариялаған.
Талқылау