Мұсылман ханзадасы әлемнің ең тартымды бойдақ жігіті атанды (фото)
Ханзада Брунея Абдул Матин әлемдегі ең тартымды бойдақ жігіт атанды. Бұған дейін бұл титулға Ұлыбритания ханзадасы Гарри иелік еткен.
25 жастағы Абдул Матин (Abdul Mateen) таққа үміткер төртінші ханзада. Ол 2016 жылдың ел қызығатын ең мінсіз ханзадасы деп танылды, деп хабарлады Elite Daily.
Ханзаданың әкесі сұлтан Бруней Хассанала Болкиахадің мүлкі 20 миллиард долларға бағаланады. Абдуладан басқа сұлтанның 11 баласы бар: жеті қыз және төрт ұл.
Ханзада 2011 жылы Сандхерстегі корольдік әскери академиядан екінші лейтенант шенін алып шыққан. Ол өнер саласының магистрі атағын да иеленген.
Бірнеше шет тілінде еркін сөйлейді. Оның ішінде ағылшын, француз, араб және итальян тілдері бар.
Бос уақытының басым бөлігін Абдул Матин отбасымен бірге өткізеді. Одан бөлек, саяхаттағанды, поло ойнағанды ұнатады. Бокспен және тау шаңғысымен де айналысады.
Ол мың қыздың арманы. Алайда өзіне адал жар болатын сүйіктісін кездестіріп үлгермеген сұр бойдақ.
«Бастысы ол шынайы әрі қарапайым болса болды. Мені расымен де еліктіре алатын бір нәрсе болса, ол — қарапайымдылық», — деген еді сұлтанның ұлы болашақ жары туралы сұраққа жауап беру барысында.
Матиннің инстаграмдағы парақшасында шамамен 400 мыңға жуық оқырманы бар.
Айта кетейік, бұған дейін ең тартымды бойдақ болған Гарридің енді басы бос емес. Ол таққа үміткер британиялық ханзада. Соңғы жарты жылдан бері БАҚ оның американдық актриса Меган Марклмен қарым-қатынасы жайында жазуда. Ханзада өмірін Меганмен байланыстырмақ ниетте.
Жіберіп алмаңыз:
Адам шошырлық жағдай: Ата-анасы сәбилерін кір машинасының ішіне салып “тербетті”
Наурыз мейрамы кезінде алып түйе қызды таптап кетті (видео)
Аялдамада тұрған 51 жастағы ер адам жер астына түсіп кетті (видео)
Британиялық 11 жастағы қыз әлемдегі ең жас ана болуға дайындалып жүр