Мұсылман елі Сауд Арабиясында ақша жымқырған 49 билік өкілі құрықталды
Сауд Арабиясында 49 билік өкілі құрықталды. Оның 11-і король әулетінің мүшелері. Қалғаны білдей министрлер, деп хабарлайды КТК.
Осылайша, жақында ғана құрылған жемқорлыққа қарсы комитет билік тізгініндегі шенділердің қылмысын әшкерелеп, масқара қылуда. Министрлер мен принцтерге пара алып, жалған келісімшарт жасаған және заңсыз жолмен ақша тапқан деген айып тағылған.
Қолына кісен салынғандардың бірі – патша әулетінің мүшесі -әл-Уәлид есімді ханзада. Ол бұған дейін қаржы министрі болып қызмет еткен. Принцтің жеке қазынасында 17 миллиард доллар ақша бар. Бұл құрықтауды Салман король қасақана істеп отыр деген де күдік бар. Ол осылайша өз баласын таққа отырғызбақ. Ал, қаптаған шендіні осыған кедергі болмауы үшін түрмеге жіберген болуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз:
ДАИШ басшысы жұрт байқамау үшін Ирактан Сирияға таксимен өткен
Алматы облысында туберкулезбен ауыратын мұғалім сабақ беріп келген